26 сәуір күні аудандық ішкі істер бөліміне Железинка ауылының тұрғындары хабарласып, жайылып жүрген жылқылары ұрланғанын айтқан.
Полицейлер анықтағандай, сәуір айының басында 47 жастағы жергілікті тұрғын ауылдастарының 56 бас малын бағып беруге кіріскен. Келісімшарт жазбаша түрде ресімделген жоқ, жылқыны баққаны үшін оған әр басына 1,5 мың теңге төленуі тиіс болды. Ол табынды соңғы рет 24 сәуірдің кешінде, үйіне қонуға аттанарда көрген.
Железин аудандық ІІБ-нің қылмыстық полиция қызметкелері 13 жылқыны 28 сәуір күні Павлодар ауылының шаруа қожалықтарының бірінен тауып, оларды қожайындарына қайтарды. Осы іс бойынша күдікті деп танылған бұрын сотталған Железин ауданының 1984 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды.