Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Мұндай анықтама әдетте мекенжайы өзгерген жылжымайтын мүлікпен мәмілені ресімдеу үшін мысалы көше атауы өзгергенде талап етіледі.
Аталған қызмет «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. Қызметті «Жылжымайтын мүлік» санатында табуға болады. Портал арқылы оны алу өте қарапайым, тіпті электрондық цифрлық қолтаңба да талап етілмейді. Өтініш беруші egov.kz-та авторланады, ал сонан соң өтінішті толтырып, электрондық нысанға жөнелтуі тиіс. Бұл қызмет тегін көрсетіледі.
Сұрау небәрі 15 минут ішінде өңделеді. Бұдан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде қызметтің көрсетілу нәтижесі - жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы көрсетілген анықтама қолжетімді. Міне, осылайша, берілген электрондық анықтама талап етілетін жері бойынша ұсынуға дайын.
Айта кетейік, Е-анықтама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз нұсқасындағы құжаттың баламасы болып табылады.