***
Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Х Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы тақырыбында брифинг өткізді. Осы жайт арқау болған мақала ел газеті «Егемен Қазақстанда» «Исламдық қаржыландыру жақсы дамып келеді» деген тақырыппен берілген. Басылымның жазуынша, Қайрат Келімбетов «Исламдық Давос» деп аталып кеткен Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Global Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапатталғанын ерекше атап өтті. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, аталмыш сыйлық әлемдік қауымдастықта, жалпы, исламдық қаржыландыру саласында аса беделді сыйлық болып табылады. Әлемде исламдық қаржыландыру бойынша осындай үш сыйлық қана бар екен. «Келесі жылы Алматы қаласында Ислам қаржылық қызметтері кеңесінің саммиті өтпек. Елбасының арқасында Қазақстан Орталық Азия және ТМД елдері аймағында исламдық қаржыландыру бойынша көшбасшы елдердің бірі болып табылады, соның нәтижесінде ТМД аймағында теңдесі жоқ исламдық қаржыландыру қызметі және ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнама қабылданды. Президент тапсырмасы бойынша, елімізде исламдық қаржы саласын дамыту үшін 2020 жылға дейінгі «Жол картасы» бекітілді, 2011 ислам қаржылық қызметтері кеңесінің ((IFSB) мүшесі атандық», - деді Қ.Келімбетов.
***
«Айқын» газетінің бүгінгі санында қаржыгер-сарапшы Ілияс Исаевпен арадағы сұхбат «Оффшорлық аймақтарға тықыр таянды» деген тақырыппен берілді. Сұхбат негізінен елімізде жүргізіліп жатқан қаржыны заңдастыру шарасы төңірегінде өрбіген. Оның атап өтуінше, қаржыны заңдастырудың негізгі мақсаты - бірнешеу. Біріншіден, кейбір мемлекеттерде көлеңкелі экономика кейде күш алып кетеді. Сол көлеңкелі экономикада айналымда жүрген капиталды азайту мақсатында оны заңдастыру шаралары қолданылады. Екінші мақсат - капиталды легализациялау кезінде экономиканың дамуына қосымша қаражат көздерін қалып-тастыру. Демек, капиталды заңдастыру үрдісі осы үшін қажет. Үшіншіден, айна-лымда жүрген капитал мен одан түсетін табыс заңдастырылады және оларға деген меншік құқығы мемлекет тарапынан мойындалуы тиіс, капитал заңды деп саналады. Төртіншіден, ендігі жерде заңды тұлғалар, жеке тұлғалар капиталдан түсетін табыстан мемлекетке тұрақты түрде салық төлеп отыруы керек. «Оффшорлық аймақтарға Еуроодақ тиісе бастады. Еуропалық орталық банктің Кипр аралында коммерциялық банктерде жатқан депозиттерге қатысты банктегі салымдарға салған салықтан хабардар боларсыз. Шын мәнінде, Кипрдегі коммерциялық банктерде жатқан депозиттердің 85 пайызы сырттан келген немесе резидент еместердің ақшасы екен. Олардың ішінде негізінен, Ресейдің, Украинаның, Ливияның азаматтарының ақшасы көп болған. Міне, көрдіңіз бе? Кипр үкіметі өзінің территориясындағы депозиттерді тәркілегендей болып отыр», - деді қаржыгер.
Прокурорлық тексерудің нәтижесінде, жүйке ауруларына шалдыққан, соттың шешімімен тұрып жатқан мекенжайы бойынша емделу шаралары тағайындалған адамдардың азаматтық-құқықтық келісімдер жасайтындығы, өндіріс орындарында жұмыс істейтіндігі, тіпті жоғары қауіп көзі болып саналатын автокөлік құралдарын жүргізетіндігі анықталды. Психикалық ауытқулар болған адамдардың көлік жүргізуіне қатысты 208 факті анықталған. Жол полициясы органдары мұндай адамдарға қатысты көлік құралдарын жүргізу құқығын шектеу бойынша жұмыс жүргізбеген», - деп жазады «Айқын» газеті жұма күнгі нөміріндегі «Жынды» жүргізушілер бар екен» деген тақырыптағы мақаласында. Басылымның жазуынша, қылмыс жасағаннан кейін психикалық ауруға ұшыраған 35 адамның 21-і ауыр қылмыстармен, 9-ы аса ауыр қылмыстармен айыпталған. Мұндай жағдайлардың көбі Алматы (8 адам), Оңтүстік Қазақстан (7) және Алматы (6) облыстарында болған. Қылмыстық істерін қарап жатқанда аяқ астынан пси-хикалық ауытқулар пайда болған 11 айыпталушы қылмыс істеген кезде мемлекеттік органдарда ұзақ уақыт бойы лауазымды қызметтер атқарған. Олардың ішінде - үш әкім, үш әскери қызметкер, екі бас дәрігер, екі бас бухгалтер және бір пойыз бастығы бар.
***
Павлодардың бұрынғы әкімі өзіне тағылған 10 айыптың 8-інен ақталып шығуы мүмкін. «Время» газетінің жазуынша, бұл жайында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім еткен. «Бүгінгі таңда тағылған айыптың екеуі ғана қалды. Біріншісі қызметтік лауазымын асыра пайдалану және ірі көлемде пара алу мен заңдастыру», - деді агенттік басшысы. Мақала «Арын ждет оправдания» деген тақырыппен берілген.