Зілзала құрбандарының саны 300 мың адамға жетуі мүмкін - Гаити Президенті

АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Гаити құрбандарының саны 300 мың адамға жетуі мүмкін. Ел Президенті Рене Преваль Мексикада өткен өңірлік саммитте осындай мәлімдеме жасады,

деп хабарлайды РБК Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Саясаткердің айтуынша, үйінділердің астынан барлық құрбандардың денелері шығарылып біткен жоқ. Ресми мәліметтер бойынша, зілзала құрбандарының саны бүгінгі таңда 230 мың адамды құрап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында Гаитиде болған зұлмат зілзаланың күші 7 балға дейін жеткен болатын.