«2012 жылғы зерттелген кәсіпорындар қызметкерлерінің саны 1754,4 мың адамды, әйелдер - 684,8 мыңды (39,0%) құрады. Белгіленген ұйғарынды нормаларға жауап бермейтін қолайсыз еңбек жағдайларында, осы қызмет түрлерінде 368,8 мың адам жұмыс істейді, яғни олардың үлесі 21,0% құрады. Соның ішінде шудың және дірілдің жоғары деңгейі жағдайында 142,5 мың адам (38,6%), ШҰК-дан (шектеулі ұйғарынды концентрациядан) асатын жұмыс аймағындағы ауаның газдануы мен шаңдануы әсерінде - 136,2 мың адам (36,9%) және қолайсыз температуралық режимде - 65,9 мың адам (17,9%) еңбектенген. Ауыр дене еңбегімен шұғылданғандар 71,2 мың адам (барлық жұмыс істейтіндерден 4,1%)»,-делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің ең көп саны өнеркәсіп саласында белгіленген - 242,4 мың адам, өңдеу өнеркәсібі саласында олардың саны 110,8 мың адамды құрады (өнеркәсіп саласындағы қызметкерлердің жалпы санынан 45,7%). Барлық зерттелген қызметтерде санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін зиянды еңбек жағдайларда жұмыс істейтін ерлердің саны әйелдердің санынан орта есеппен 2,0 еседен 23,5 есеге дейін артты. Зиянды жағдайларда жұмыс істейтін әйелдердің саны ерлер санынан келесі салаларда ғана арттық болды: денсаулық сақтау (4,6 есе), тамақтану бойынша қызметтер (11,3 есе) салалары.
Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайларда әйелдер арасында әрбір жетінші (90,7 мың адам) жұмыс істеді, оның ішінде 23,6% (21,4 мың адам) газданған және шаңданған ортада еңбектенді.
Санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер санының ең көбі Павлодар облысында белгіленді, зерттелген экономикалық қызмет түрлері бойынша осы облыстағы қызметкерлердің жалпы санынан олардың үлес салмағы 40,0% құрады, Қарағанды облысында олардың үлес салмағы 37,7% құрады, Маңғыстау облысында - 35,4%, Шығыс-Қазақстанда - 26,4%. Санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін зиянды еңбек жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлердің ең аз үлес салмағы Солтүстік Қазақстан (7,1%) және Батыс Қазақстан (4,7%) облыстарында белгіленді.
2012 жылы кәсіпорындар зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларындағы басқа да жұмысы үшін арналған өтемақылар мен жеңілдіктерге 78 382,2 млн. теңге жұмсады. Жеңілдіктің көп тараған түрі - қосымша демалыс 516,3 мың адамға берілген, зиянды және және басқа да қолайсыз еңбек жағдайына арналған әртүрлі материалдық қосымша төлемдерді 366,6 мың адам пайдаланған, 306,6 мың адам - сүт немесе тең бағалы тағам өнімдерін тегін алды, 76,6 мың адам - тегін емдік-профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз етілді, ал 61,0 мың адам - қысқартылған жұмыс күнінде жұмыс істеген.