Зырянға ұшып келген соң үкіметтік делегация аймақ әкімі Бердібек Сапарбаев және «Қазмырыш» АҚ басқарма төрағасы Никола Поповвичпен бірге Зырян тау-кен байыту фабрикасының өндірістік алаңына бағыт алды.
Естеріңізге сала кетейік, Зырян тау-кен байыту фабрикасы 1953 жылы іске қосылған болатын.
Зырян өндірістік алаңында үкіметтік делегация «Коллизей» кәсіпорнымен танысты. Айта кетейік, 200 адам жұмыс істейтін бұл кәсіпорынның жыл сайынғы тапсырыс айналымы 1 млрд. теңгені құрайды. «Коллизей» кәсіпорнының негізгі әріптесі - «Қазмырыш» АҚ. Осы кәсіпорын үшін «Коллизей» Зырянда, Риддерде, Өскеменде құрылыс, жөндеу және нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша тапсырыстарды атқарады.
Онымен бірге бүгін Зырянда ҚР министрлер кабинетінің мүшелеріне таныстырылған бірегей кәсіпорын - «Қазақстан-Тексти-Лайн» фирмасы. «Қазмырыш» аталмыш кәсіпорынға арнайы киімдерді тігуге арналған арнайы мақсаттағы тігін машиналарын сатып алуда пайызсыз несие берді. Компания «Қазмырыш» АҚ-мен әріптестіктің 4 жылында тігін индустриясының экспорттаушысына айналды.