1 ай ішінде футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесі әзірленеді

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Туризм және спорт министрлігіне тез арада Алматы тау кластерін дамыту жоспарын жаңартуды және футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырды. 

1 ай ішінде футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесі әзірленеді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Мемлекет басшысы туристік объектілерде инфрақұрылымды дамытудың маңызын атап өтті. Бұл — жергілікті атқарушы органдардың тікелей жауапкершілігі. Тез арада Алматы тау кластерін дамыту жоспарын жаңарту қажет. Ұлттық экономика министрлігі Туризм және спорт министрлігімен, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, бір апта мерзімде Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобаларын аса маңызды объектілер және жалпыұлттық маңызы бар жобалар деп тануы қажет. Осыдан кейін Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілсін, — деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Бектенов ведомствоға өңірлермен бірлесіп осы жылдың 1 қазанына дейін футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министр елдің экономика блогына 10 нақты тапсырма жүктеген еді

Соңғы жаңалықтар