1 қыркүйекте сабақ болмайды - Білім министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қыркүйек - Білім күнінде еліміздің барлық мектептерінде салтанатты сап түзеу шарасы өткізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қыркүйекте сабақ болмайды - Білім министрі

«Өткен жылы да сенбіге тура келген болатын. Осы тұста өте көп пікірталас бар. 1 қыркүйекте сабақ болмайды. Тек салтанатты сап түзеу шарасы ғана атқарылады. Бұл мереке, Білім күні. Шығып, салтанатты сап түзеу шарасын өткізгеннен кейін үйге қайтамыз», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.