1 маусым қарсаңында жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында биыл Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетім балаларға 5 000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді, деп хабарлады astana.gov.kz.
None
None

Аталған әлеуметтік көмекпен 600 жуық адамды қамту жоспарлануда. «Дар» қоғамдық қоры тұрмысы төмен отбасылардың балаларына киім түрінде материалдық көмек ұсынатын болады.

Сонымен қатар, ведомствоға қарасты мекемелерде мерекелік іс-шаралар өткізілмек:

Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы - баспанасы» КММ балалардың қатысуымен «Ертегі әлемінде» атты көрініс, сайыстар, сыйлықтарды тарату және мерекелік концерт, қала бойынша ойын алаңдарына экскурсия жоспарлануда.

Астана қаласы әкімдігінің Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде балалардың қатысуымен мерекелік концерт өтіп, сыйлықтар таратылады.

Соңғы жаңалықтар