1 желтоқсанда Н.Назарбаев Астанадағы Әскери-тарихи мұражайды ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.
None
None

30 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды.

Елбасы 1 желтоқсанда Астана қаласында Әскери-тарихи мұражайдың ашылу рәсіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шараларға қатысады.

Мемлекет басшысы 2 желтоқсанда елімізге ресми сапармен келетін Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездеседі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар