10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы Абай облысында ұсталды

Абай облыстық ПД
Фото: Абай облыстық ПД

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген өзге елдің азаматы құрықталды.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Шетелдік» жедел алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Соның барысында экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады. Ол бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген.

«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде» - дейді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде жас жігіт Антикор маңындағы ғимаратты өртемек болғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар