Өскеменде жас жігіт Антикор маңындағы ғимаратты өртемек болды

өрт
Фото: Pexels

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында Антикор маңындағы ғимаратты өртемек болған ер адам ұсталды.

Оқиға бүгін қаладағы Стрелка ауданында болған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің маңындағы әкімшілік ғимаратты өртемек болған адам ұсталды.

«Полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті ұстады. Заңбұзушылық жасағаны үшін ол әкімшілік қамаққа алынды», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның не себепті мұндай қадамға бармақ болғаны әлі анықталған жоқ.

Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-дағы өндіріс орнынан екі адамның сүйегі табылғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар