«100 қадам»: Қазақстанда жоғары сынып оқушылары мен студенттер ағылшын тілінде оқиды

«Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу жоспарланған. Басты мақсаты -даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру», - делінген құжатта.
Бұл жаңашылдық ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру мақсатында жоспарланған.
Сондай-ақ, осы бағыт аясында 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту, жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру жоспарлануда.
Бұдан өзге, экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату жүргізіледі.
Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту, коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау жалғасады, деп жазады primeminister.kz.