«100 нақты қадам» бағдарламасын қазақстандықтар қызу талқылауда - А.Қырықпаева, ШҚМТУ

«Бұл бағдарлама Қазақстан Президенті айтқан құндылықтар мен басымдықтарды шын ниетімен қолдайтын мемлекет азаматтары арасында қызу талқылану үстінде. Егер «Бес институционалдық реформада» Нұрсұлтан Әбішұлы ұзақмерзімді мақсаттарды белгілесе, ал «100 нақты қадам» - бұл таяу кезеңде жасалатын әрекетке тікелей басшылық дер едім.
Бағдарламаны іске асыру институционалдық реформалардың басты бес бағытына негізделген. Оның әрқайсысында Елбасы таңдалған сегменттерді қайта форматтау бойынша жұмыстың нақты кезеңдерін айқын көрсетіп берді. «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру аясында елдің әр азаматының алдына қойылған ауқымды міндеттерді ой елегінен өткізіп, біз әр бағыт бойынша үлкен жұмысқа әзірлік үстіндеміз.
Бағдарламада Ұлт көшбасшысы ғылым мен білімді дамытуға баса көңіл бөледі. Бұл ретте техникалық білімді дамытуға ерекше ден қойылмақ.
Біздің ЖОО базасында ғылымның экономика және мамандар даярлау саласымен байланысын қамтамасыз ететін 10 жетекші қазақстандық ЖОО қатарына кіреді. ЖОО металлургтер мен машина жасау мамандарын дайындайтын болады. Біз педагогтар міндетке сәйкес білімді, бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеуіміз қажет, - деді энергетика кафедрасының оқытушысы.
Оның айтуынша, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ақпараттық технологиялар мен энергетика факультеті ақпараттық технологиялар, аспап жасау, автоматтандыру, энергетика, математикалық, компьютерлік үлгілеу, радиотехника, электроника, телекоммуникация саласындағы бүгінде сұранысқа ие мамандарды әзірлейді. ЖОО жоғары және ЖОО-дан кейінгі біліммен кадрларды дайындау курсын алды. Студенттер сапалы білім алып, оны нарықтық экономика жағдайында пайдалана білуге оқытылады.
«ШҚМТУ-де академиялық мобильділік белсенді дамуда, оқытушылар тағылымдамадан өтіп, студенттер Еуропа, Америка, Азия елдерінің жетекші ЖОО-ларында білім алуда. Біздің ЖОО-ға шақыртылған шетел ғалымдары университет оқытушыларымен бірлесіп оқу-әдістемелік оқулық шығарып, PhD докторанттарына кеңес өткізеді. ЖОО-да көптілді топ жұмыс істейді. ШҚМТУ ел экономикасының одан әрі дамуы үшін инновациялық-бағдарланған ЖОО болу қажеттігін толықтай сезінеді. Пысықталған тәжірибе, кадрлық, техникалық әлеует барлық алға қойылған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз», - деді А. Қырықпаева.