«100 нақты қадам»: БҚО-да екі мектепте он екі жылдыққа көшу бағытында сынақ жұмыстары басталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы оқу жылынан екі мектепте 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бағытында сынақ жұмыстары басталды.
None
None

Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды одан әрі дамыту бағытында «100 нақты қадамды» белгілеп бергені мәлім. Соның ішінде елдегі білім беру саласына да ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, 76-қадамда «ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізін­де адам капиталының сапасын кө­теру, 12 жылдық білім беруді ке­зең-кезеңмен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мек­тептегі оқыту стандарттарын жа­ңарту. Жоғары сыныптарда жан­басылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» делінген.

Білім беру жүйесі 12 жылдық оқыту моделіне көшуіне байланысты, «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу тура­лы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жыл­ғы 6 қарашадағы №455 бұй­рығымен 2015-2016 оқу жылында бастауыш білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасын апробациядан өткізетін республика бойынша 30 мектеп белгіленді. Осыған орай облыстық білім басқармасы­ның 2015 жылғы 4 тамыздағы №508 бұйрығы негізінде Орал қаласының М.Ықсанов атындағы №36 және Теректі ауданының Шаған жалпы орта білім беретін мектептерінде 2015-2016 оқу жылынан бастап сабақ жаңа білім беру стандар­тының оқу жоспарлары мен бағ­дарламалары бойынша оқыты­ла­ды.

Жаңа оқу жылында атал­ған білім ордаларында 1-сынып­қа барлығы 146 оқушы, оның ішін­де 131-і қазақ, 15 бүлдіршін орыс сыныбына қа­былданды.

Он екі жылдыққа көшуге даярлық барысында биылғы қаңтар-нау­рыз айларында «Мемлекеттік жал­пыға міндетті білім беру стандар­тын және орта білім беру мазмұ­нын ішінара жаңарту, 12 жылдық білім беру моделінің оқу бағдар­ламаларымен жұмыс жасау» жә­не «Критериалды бағалау бойын­ша басшылық» тақырыбында Ас­тана қаласында өткен республи­калық семинарларға 17 педагог қатысты. Сонымен қатар маусым-тамыз айларында 58 қызметкер, соның ішінде облыстық әдістемелік кабинет және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп басшылары мен мұғалімдері Астана қаласындағы «Назарбаев зият­керлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының педагогика­лық шеберлік орталығы базасында педагог кадрлардың біліктілі­гін арттыру курсынан өтті.

Соңғы жаңалықтар