«100 нақты қадам» Қазақстанның дамуындағы «алып секіріс» болады - Израильдің жетекші экономисі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҮІІІ Астана экономикалық форумының Жалпы отырысында сөз сөйлеген JPMorgan Chase International корпорациясының төрағасы, Израильдің жетекші экономистерінің бірі Джейкоб Френкель «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын Айда жасалған қадаммен теңестірді.

«100 нақты қадам» Қазақстанның дамуындағы «алып секіріс» болады - Израильдің жетекші экономисі

«Егер де Қазақстан «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы» жоспарын жүзеге асыра алса, онда ол дамудағы өте үлкен жетістікке жетелейді. Өздеріңіз білесіздер, Айға ең алғаш қадам басқан Нил Армстронг «бір адамның жасаған кішкентай қадамы барлық адамзат үшін жасалған ұлы қадаммен пара-пар» деген болатын. Ол бір ғана қадам туралы осылай айтты. Ал біз бүгін 100 қадам туралы айтып отырмыз және бұл жай ғана қадамдар емес, Қазақстанның дамуындағы «алып секіріс» болады. Осында отырған азаматтарды, Президентті, Үкімет мүшелерін жақсы білемін, сондықтан бұл қадамдар жетістікке жеткізетініне сенемін», - деді Френкель.