Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда қауіпті қалдықтарды зерттеу мен бақылау күшейеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда қауіпті қалдықтар мен тұрақты органикалық ластағыштарды зертханалық бақылауды күшейту көзделіп отыр. Осы бағытта мамандар тәжірибе алмасып, зертханалардың мүмкіндігін арттыру және қауіпті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелерін талқылады. Бұл туралы Экология министрлігі мәлім етті.

Қазақстанда қауіпті қалдықтарды зерттеуге арналған зертханалар күшейтілмек
Фото: Экология министрілігі

Қазақстан Республикасының тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы бойынша міндеттемелерін орындаудың ұлттық жоспарын іске асыру шеңберінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Сенімді провайдерден біліктілікті тексеру (зертханааралық салыстырулар): жақын әрі қолжетімді» атты II Халықаралық конференцияға қатысты.

Қазақстанда қауіпті қалдықтарды зерттеуге арналған зертханалар күшейтілмек
Фото: Экология министрлігі

Конференция барысында қауіпті қалдықтарды зертханалық зерттеу және олармен қауіпсіз жұмыс істеу, тұрақты органикалық ластағыштарды мониторингтеу, сондай-ақ зертханалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды.

Қазақстанда қауіпті қалдықтарды зерттеуге арналған зертханалар күшейтілмек
Фото: Экология министрлігі

Министрліктің бастамасымен «Жасыл даму» АҚ мен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум тұрақты органикалық ластағыштарды мониторингтеу және олармен қауіпсіз жұмыс істеу саласындағы өзара іс-қимылды дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ сараптамалық және зертханалық әлеуетті нығайтуды көздейді.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстаудағы радиоактивті қалдықтар нысандары бақылауға алынғанын жаздық.