11 қарағандылық халықаралық компаниялардан ірі көлемде мұнай тонаған

Бұл іске 11 қарағандылық азамат кінәлі деп танылып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Компания өкілдері сотқа материалдық шығын көлемі шамамен 10 миллион теңгені құрайтындығын айтқан. Мұнай компаниясының заңгерлері құбыр желілерінің рұқсатсыз кесілген жерлерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарының шығындары әлдеқайда жоғары екендігін мәлімдеді.
Тексеру нәтижелері бойынша, 11 күдікті компанияның бірнеше магистральды құбыр желілерін кескен. Олар мұнай құйылатын вентильдер (шұра) орнатып, өнімді қара базарға өткізген. Мұнайдың ұрлануын компания инспекторлары құбыр желілерін бақылау барысында анықтаған. Олар мұнай құбырларының рұқсатсыз кесілгендігін анықтап, құқық қорғау органдарына хабарлады.
Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері 11 адамды ұстады. Олардың алтауы Қарағанды АК 159/1 тергеу оқшаулағында, екеуі - мүліктік кепілдікке алынды, қалған үшеуі - қаладан шықпауға кепілхат жазды.