11 қыркүйектен бастап Ресейден заңсыз мигранттар шығарылмақ

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Ресей аумағында болуға заңды негізін жоғалтқан шетел азаматтары бүгінге дейін өз құқықтық мәртебесін еркін реттей алды. Ал 11 қыркүйектен бастап мұндай мүмкіндік болмайды, оларды елден шығару басталады, деп жазады агенттік тілшісі.

Нелегальных мигрантов с 11 сентября начнут выдворять из России
Фото: minval.az

Бұл туралы Ресейдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, аталған азаматтарға елден шығарылғанға дейін заңда қарастырылған барлық шектеу шаралары қолданылады. Соның ішінде — Ресейге қайта кіруге тыйым салу да бар.

11 қыркүйектен бастап көші-қон заңын бұзғандарға некеге тұруға немесе ажырасуға, балаларын балабақшаға не мектепке беруге, көлік басқаруға, күнделікті өмірде қажет бірқатар қызметті алуға тыйым салынады.

ІІМ елде мәртебесін реттегісі келген шетелдіктерге тұрғылықты жері бойынша паспорт-виза орталығына немесе көші-қон бөлімшесіне жүгінуге болатынын еске салды.

Бұған дейін жазғанымыздай, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша РФ ІІМ бақылауындағы тізімде мәртебесін заңдастырмаған шамамен 770 мың шетел азаматы тіркелген.

Айта кетейік, тамыз айында көші-қон ережесін бұзғандарға Ресейде заңдастыруға бір ай ғана қалғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар