13 қазан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 13 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
66 жыл бұрын (1959) қазақстандық ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Әзімхан Әбілқайырұлы САТЫБАЛДИН дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 1981 жылы Қазақ Еңбек Қызыл туы орденді Ауыл шаруашылығы институтын экономист-ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі (2002), Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (1996), Моңғолия ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (1999).
Еңбек жолы: 1981-1983 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы ауыл шаруашылығы басқармасында экономист, Жамбыл облысы Талас ауданы «Майтөбе» кеңшарында бас экономист; 1984-1986 жылдары Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ күндізгі аспирантурасы, 1986-1989 жылдары экономика Қазақ қой шаруашылығы ҒЗТИ кіші, аға ғылыми қызметкері НИТИ; 1989-1993 жылдары Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ АҒҚ, бөлім меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, 1994 жылы Президиумының бас ғылыми хатшысы, 1995 жылы «Шымкент» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры, 1995-1996 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. 1996 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты Өңірлік дамыту және өзін-басқару комитетінің хатшысы, 1996-2003 жылдары Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының бас директоры, 1997-2003 жылдары Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы зерттеулері ұйымы Президиумының мүшесі, Орталық Азия және Кавказ елдері ауыл шаруашылығы зерттеулері жүйесінің Президенті, 2005-2007 жылдары Қ.А. Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті түркі тілдес елдердің ықпалдастық байланыстарын зерттеу институтының директоры, 2007-2014 жылдары Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры, тәртіптік кеңес төрағасы, 2014 жылы «КазАгроИнновация» АҚ басқармасының төрағасы, 2015 жылы ҚР Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының директоры қызметінде болды.
«Құрмет» (2007), «Парасат» (2012) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) медальдарімен марапатталған.
62 жыл бұрын (1963) Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа төрағасы Бақытжан Әбдірұлы САҒЫНТАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысындағы Талас ауданының Үшарал селосында туған. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1985-1988 жылдары Алматы халық шаруашылығы институты саяси экономия кафедрасының оқытушысы, 1988-1992 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті социология кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, 1992-1993 жылдары «Маруе» туристік-коммерциялық фирмасының президенті, 1993-1997 жылдары «Қазмет» АҚ бас директоры қызметін атқарған. 1997-1998 жылдары «Лукойлнефтегазстрой-К» ЖАҚ бас маманы, бас директорының орынбасары, 1998-2002 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, ҚР Шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы, ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары болды. 2002-2004 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, 2004-2007 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, 2007-2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы, 2008-2012 жылдары Павлодар облысының әкімі, 2012 жылы ҚР Экономикалық даму және сауда министрі, 2012-2013 жылдары «Нұр Отан» халық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, 2013 жылы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрі, 2013-2016 жылдары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, 2016-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрі лауазымы атқарған. 2019 жылы ҚР Мемлекеттік хатшысы, 2019 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, 2019-2022 жылдары Алматы қаласының әкімі, 2022-2024 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі лауазымын атқарған.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді.
«Құрмет», «Парасат», III дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.
60 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы ШӘРІПОВ дүниеге келді.

Павлодар облысы Ертіс қаласында туған. 1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2006 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы:1988-1990 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінің комсомол комитетінің хатшысы, 1990-1992 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті, 1992-1995 жылдары ҚР Президенті Аппаратының Азаматтық және кешірім жасау бөлімінің аға көмекшісі, 1995-1996 жылдары Алматы Фрунзе ауданының халық сотының судьясы, 1996-2007 жылдары Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы, 2007-2008 жылдары Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы, 2008-2010 жылдары Маңғыстау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, 2010-2012 жылдары Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған. 2012-2017 жылдары Оңтүстік-Қазақстан облыстық сотының төрағасы, 2017-2019 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (ҚР Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы болды. 2019-2021 жылдары Қарағанды облыстық сотының төрағасы, 2021 жылдан ҚР Жоғарғы Сотының судьясы.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
50 жыл бұрын (1975) Media Holding Atameken Business жауапкершілігі шектеулі серіктестігі медиахолдингінің бас директоры (2020 жылдан бастап), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі (2022 жылдан) Қанат Ақылбайұлы САХАРИЯНОВ дүниеге келді.

1997 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін, 2001 жылы Қазақ ұлттық заң академиясын, 2008 жылы France және Халықаралық бизнес академиясын, IE MBA - Executive Master of Business Administration, HEC бірлескен бағдарламасы, 2015 жылы International Executive MBA, Іскерлік әкімшілік басқару шебері, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Іскерлік әкімшілікті басқару докторы.
Еңбек жолы: 2001-2006 жылдары кеңесші-заңгер, «Хабар» Агенттігі» АҚ заң бөлімінің басшысы, 2006-2012 жылдары «Хабар» агенттігі» басқармасының мүшесі, басқарма төрағасының бірінші орынбасары, 2012-2014 жылдары «Қазмедиа орталығы» компаниясы басқармасының бас директоры, 2014-2016 жылдары «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ бас директоры, 2016-2017 жылдары «Хабар» Агенттігі» басқарма төрағасының орынбасары, 2017-2018 жылдары «Atameken Business Channel» Бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. 2018 жылдан бастап «Atameken Business Channel» телеарнасының бас директоры.
Қазіргі қызметінде 2020 жылдың тамызынан бастап еңбек етеді.
49 жыл бұрын (1976) Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы НӘЛІБАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолы:1997-1998 жылдары «Қазақойл-коммерция» ЖШС сарапшысы, «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары, 1999-2002 жылдары «СтандартОйлБейс» ЖШС директоры, «СтандартОйлТрейдинг» ЖШС директоры, «СтандартГаз» директорының орынбасары, 2002 жылы «Шымкенторгсинтез» АҚ Қызылорда филиалының директоры, 2002-2004 жылдары «Қызылорда МұнайСервис» ЖШС бас директоры, «ПетроҚазақстан» Сауда үйі» директоры болып қызмет атқарды. 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі, 2008-2013 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі, 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, 2021-2022 жылдары ҚР Премьер-Министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың сәуір айынан бастап.
«Құрмет» (2011), «Парасат» (2016) ордендерімен марапатталған.
42 жыл бұрын (1983) «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Асхат Ғалымұлы ХАСЕНОВ дүниеге келді.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша және Халықаралық Бизнес Университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ (Қызылорда қ.) мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядтағы операторы болып бастаған. 2006-2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маман, бас маман, мұнай-газ кен орындарын игеру мониторингі бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры, вице-президент болып жұмыс істеді. 2011-2019 жылдары еңбек жолын ҚР Мұнай және газ министрлігінде жалғастырып, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасын, кейін мұнай-химия және техникалық реттеу департаментін басқарды. 2019-2022 жылдары «KLPE» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2022-2024 жылдары ҚР энергетика вице-министрі болып қызмет етті.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың мамыр айынан бер атқарып келеді.
110 жыл бұрын (1915-1994) режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар (Әлиасқар) ТОҚПАНОВ дүниеге келген.

Алматы облысының Іле ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Мемлекеттік театр өнері институтын бітірген.
1939-1944 жылдары және 1948-1951 жылдары Қазақ драма театрында қоюшы режиссер болып, М. Әуезов пен Л. Соболевтің «Абай», Ш. Хұсайыновтың «Марабай», Әуезовтің «Сын сағатта» мен «Еңлік-Кебек», С. Мұқановтың «Жеңіс жыры», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», А.П. Штейннің «Намыс соты», Д. Гоу мен А.Д. Юссоның «Терең тамырлар» спектакльдерін сахнаға шығарды. Бұдан кейін Балалар мен жасөспірімдер театрының, сондай-ақ Қарағанды, Гурьев (Атырау), Жамбыл облыстық драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды. Ол спектакльдерді қоюмен бірге, өзі де кейбір басты рөлдерді ойнап, сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы зерттеу-мақалалар және пьесалар жазды. Сонымен қатар Г. Ибсеннің, А. Островскийдің, А. Чеховтың, А.Ф. Софроновтың, М. Горькийдің туындыларын аударды. Педагогикалық қызметпен де шұғылданып, 1939-1944 жылдары Алматыдағы театр училищесінде және Өнер институтында (қазіргі Алматы театр көркемсурет институты) дәріс беріп, 1955-1963 жылдары кафедра меңгерушісі, 1975 жылдан профессоры болды.
Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.