Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

13 шілде. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 13 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

күнтізбе, календарь
Фото: Freepik

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты меңгерушісінің орынбасары Талғат Амангелдіұлы ҚАСЫМБЕКОВ дүниеге келді.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті, филолог, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, мемлекеттік қызмет менеджері; Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі (Қазақстан), Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебін бітірген (Сингапур), мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Еңбек жолы: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінде шет тілдері кафедрасының оқытушысы (1993-1998); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бас маманы (1998-2001); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінің бас консультанты, меңгерушісінің орынбасары (2001-2012); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінің меңгерушісі (2012-2025).

2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1977) «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Бақтығұлұлы ОЙШЫБАЕВ дүниеге келді.

Кемелбек Бақтығұлұлы ОЙШЫБАЕВ
Фото: prdrive.kz

Батыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, журналист, Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша, Женева бизнес мектебін (Швейцария) бітірген.

Еңбек жолы: «Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігі» ЖШС тілшісі (2000-2001); Президенттің кеңесшісі, атқарушы директор — кадрлар департаментінің директоры, «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату дирекциясы филиалы бас директорының бірінші орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату дирекциясы филиалының бас директоры (2001-2007); «TNS-Phus» ЖШС бас директоры (2007-2009); «2 Day Telekom» ЖШС бас директоры (2009-2011); «Altyntau Resources» АҚ басқарушы директоры (2011-2014); «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының стратегиялық және коммерциялық қызмет жөніндегі орынбасары; экономикалық мәселелер бойынша; әкімшілік және коммерциялық қызмет бойынша (2014-2015); «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (2015-2016); «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК директорының міндетін атқарушы (07.2016-09.2016); «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы (2016-2017); «Smartway Systems» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы (2017-2019); «Рухани жаңғыру» Қазақстан әлеуметтік даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы (2019-2020); Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі (2020-2022).

45 жыл бұрын (1981) «Қазаэронавигация» РМК басқарушы директоры Аслан Айтқалиұлы УРМАНОВ дүниеге келді.

Аслан Айтқалиұлы УРМАНОВ
Фото: Валерий Бугаев

Ол Алматы экономика және статистика институтын (2002) бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша; ал Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын (2007) «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі: Павлодар облыстық мемлекеттік сатып алу департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы; Павлодар облыстық мемлекеттік сатып алу департаментінің бастығы (08.2019-01.2023); «KEGOC» АҚ маркетинг қызметінің бастығы (01.2023-09.2025).

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.