Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

13 шілдеде ел аумағында екі орман өрті тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 13 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті тіркелді.

13 шілдеде ел аумағында екі орман өрті тіркелді
Фото: Yonatan Sindel/Flash90

Өңірлер бойынша:

  • Жетісу облысында — бір өрт;
  • Павлодар облысында — бір өрт.

Экология министрлігінің мәліметінше, өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеуі барысында және ерте анықтау жүйелері арқылы дер кезінде анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде қысқа уақыт ішінде оқшауланды.

Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікұшағы, арнайы техникалар мен ТЖД-нің қызметкерлері және техникасы жұмылдырылды.

Еске салайық, бұған дейін 10 шілде күні Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелгенін хабарлағанбыз.