14 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтылған азамат жалдамалы пәтерге ие болады

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл 14 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтылған азамат жалдамалы пәтерге ие болады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты. 

14 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтылған азамат жалдамалы пәтерге ие болады
Фото: Атырау қалалық әкімдігі

— Тұрғын-үй құрылысты дамыту іс-шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр. 10 айдың ішінде 14,6 млн шарты метр пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңдегі деңгейден 4,5 пайызға жоғары. Халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау үшін биыл әкімдіктер 222 млрд теңгеден астам сомаға 14 мың астам жалға берілетін баспана сатып алуды қарастырған, — деді ол.

Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, өңірлерде кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 140,2 млрд теңгеге 11,2 несиелік баспана салу және сату алу келісілді.

«Наурыз» бен «Наурыз-жұмыскер» бағдарламалары арқылы жеңілдікпен несие беру көлемі 2 есеге ұлғайтылды. Несиелеудің жалпы көлемі 500 млрд теңгеге дейін жеткізілді, — деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Мәжіліс мемлекеттік органдардың ел азаматтарының өтінішін қарау нәтижесін тыңдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар