19:21, 14 Қаңтар 2026 | GMT +5
15 қаңтарда астаналық оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшеді
АСТАНА. KAZINFORM — Ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері ауа райының суытуына байланысты қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.
— 2026 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 15–17 қаңтар аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендейді.
Бүгін аязға байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде екінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға мәжбүр болды.
Бұдан бұрын екі өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жазған едік.