11:04, 22 Ақпан 2010 | GMT +5
1500 метрге конькимен жүгіру жарысында қазақстандық Екатерина Айдова 29-шы болып келді - Ванкувер
СТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Ванкуверде әйелдер арасында 1500 метр қашықтыққа конькимен жарысы өтті.
Бұл жарысқа Қазақстанның атынан қатысқан Екатерина Айдова 2:02.81 уақытпен 29-шы орынды місе тұтты. Екатерина жарыс жеңімпазы голландиялық Ирен Весттен +5.92 секунд артта қалды.
Ал жарыстың екінші жүлдесін 1:57.14 көрсеткішпен - канадалық Кристина Гровес қанжығаласа, үшінші орынды - 1:57.96 көрсеткішпен чехиялық Мартина Сабликова иеленді.