16 наурызда республика бойынша қай жолдар ашық, қайсысы жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

16 наурызда республика бойынша қай жолдар ашық, қайсысы жабық
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

2026 жылғы 16 наурызда республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашық:

Қостанай облысы

• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолы, 555-682-шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Сарыкөл кенті);

• «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолы, 320-501-шақырым аралығы (Бестөбе кенті — Рудный қаласы);

• «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолы, 8-218-шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Октябрьский кенті).

Жабық жолдар

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты келесі учаскеде жүк және қоғамдық көліктерге қозғалыс шектелді:

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолы, 776–1153 км («Эко Ойл» жанармай бекеті — Ырғыз кенті).

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысы

• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, синоптиктер 16 наурызда Қазақстанның 13 облысында және Астанада ауа райына байланысты ескерту жасады.