17 мың әскери қызметшіге «кредиттік демалыс» берілді — Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Әскери борышын өтеу барысында ерекше көзге түскен 1029 азамат білім грантымен жоғары оқу орнында білім алуға мүмкін алған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Сәкен Жүсіпов айтты. 

17 мың әскери қызметшіге «кредиттік демалыс» берілді — Қорғаныс министрлігі
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Әскери қызметтің тартымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл, ең алдымен, білім беру секторындағы жеңілдіктер мен несиелік демалыстарға қатысты мән-жай түсіндірілді.

— Сонымен қатар 17 мың әскери қызметшіге 6,6 млрд теңгеге «кредиттік демалыс» берілді, - деді спикер.

Сонымен қатар генерал-майор қызмет кезінде мерзімді сарбаз еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын игеруге мүмкіндік алатынын айтты. Оқыту тиісті сертификаттар берумен өтеді.

Еске сала кетейік, биыл әскер қатарын 20 мыңнан астам азамат толықтыратынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар