17 шілдедегі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы сауда-саттық аяқталды.
17 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 469,83 теңге болып, алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,24 теңге төмендеді. Ал Ұлттық банктің 17 шілдеге белгілеген ресми бағамы 472,34 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 467,00 теңгеден сатып алынып, 474,00 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 534,00 теңге, сату бағамы 544,00 теңге. Ал рубль 5,60-5,90 теңге аралығында.
Алматыдағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 470,68 теңгеден сатып алып, 472,87 теңгеден сатып жатыр. Еуро бағамы 534,44-542,90 теңге, рубль 5,68-5,82 теңге аралығында.
Шымкентте долларды орта есеппен 470,28 теңгеден сатып алып, 472,37 теңгеден сатып жатыр. Еуро 537,13-542,54 теңге, ал рубль 5,66-5,74 теңге аралығында.
Еске салайық, 16 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 472,34 теңге болып, 1,81 теңге қымбаттаған еді.