18 қарашада Санкт-Петерборда ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтеді

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 11 қараша. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД Экономикалық кеңесінің кезекті отырысы Санкт-Петербордағы Таврия сарайында 18 қарашада өтеді,

18 қарашада Санкт-Петерборда ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтеді

деп хабарлайды ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі.

Алдағы Кеңес отырысының күн тәртібіне 14 мәселе қойылған, оның ішінде тұтынушылар құқығын қорғау бағытында ТМД салалық ынтымақтастығы органын құру туралы, ТМД қатысушы мемлекеттері инновациялық қызметінің ақпараттық инфрақұрылымын құру туралы Келісім жобасы, ТМД қатысушы мемлекеттердегі зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мен сақтау жағдайы мәселелері де бар.

Экономикалық кеңестің отырысына ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - атқарушы хатшы Сергей Лебедев қатысады деп күтілуде.