18 сәуір. Тұлғалар туған күн

календарь
Фото: ҚазАқпарат

Бүгін, 18 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Сұлтан Мырзабекұлы ДҮЙСЕМБИНОВ дүниеге келді

ДЮСЕМБИНОВ Султан Мырзабекович
Фото: senate.parlam.kz

Талдықорған облысы Гвардия ауданы Бостан ауылында туған. 1980 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «құрылыс-инженері», 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «экономист», 2019 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1980 жылы Алматы қаласындағы «Казколхозспецстрой» тресінде бастаған. 1982-1991 жылдары Талдықорған ауданаралық сауда базасы құрылыс бригадасының прорабы, инженерлік-техникалық қызметі бойынша директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1991-1996 жылдары аралығында Талдықорған қаласындағы «Қаблан» жан-жақты сауда-құрылыс кәсіпорнының директоры. 1996-1998 жылдары аралығында Талдықорған облыстық әкімшілігі жанындағы облыстық экономикалық келісімді реттеу қоры директорының орынбасары. 1998-2001 жылдары аралығында Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды. 2001-2011 жылдары аралығында Ескелді ауданының әкімі. 2011-2015 жылдары аралығында Қаратал ауданының әкімі.

2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызмет атқарды. 2017-2020 жылдары Алматы облыстық мәслихатының хатшысы.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың тамыз айынан бері.

62 жыл бұрын (1962) Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының президенті Рохус Рохусович ШОХ дүниеге келді.

 ШОХ Рохус Рохусович
Фото: kazfootball.kz

Еңбек жолы: 1985-1988 жылдары кәсіби футболшы ретіндегі мансабы, 1991-1993 жылдары «Днепр» ФК бапкер-селекторы, «Ротор» ФК жаттықтырушысы, 1993-1995 жылдары «Ротор» ФК командасының жетекшісі, 1995-2004 жылдары «Ротор» ФК бас директоры, атқарушы директоры, 2004-2005 жылдары ЦСКА ФК техникалық директоры, 2005-2007 жылдары «Ростов» ФК бас директоры, 2008-2009 жылдары «Волгоград» ФК вице-президенті, 2010 жылы «Ротор» ФК спорт директоры, 2011 жылы «Орал» ФК спорт директоры, 2011-2015 жылдары «Ротор» ФК вице-президенті, 2012-2020 жылдары Волгоград облысы футбол федерациясының президенті, 2015-2017 жылдары «Орал» ФК спорт директоры, 2014-2022 жылдары Ресей футбол одағының Атқару комитетінің мүшесі, 2019-2022 жылдары RFU Grassroots футбол комитетінің төрағасы, 2022-2023 жылдары Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының президенті, 2023 жылы Қазақстан Жастар футбол лигасының президенті болды.

61 жыл бұрын (1963) Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ерден Рауанұлы ӘРІПОВ дүниеге келді.

АРИПОВ Ерден Рауанович
Фото: sud.gov.kz

Еңбек жолын 1986 жылы бұрынғы Жезқазған облыстық атқару комитетінің нотариат бойынша Әділет бөлімінің аға кеңесшісі лауазымынан бастаған. 1991-1992 жылдары Жезқазған облыстық халық депутаттар Кеңесінің аға кеңесшісі болған. 1992-2000 жылдары дейін Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының судьясы. 2000-2008 жылдары Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы. 2010-2012 жылдары Алматы қалалық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы. 2012-2015 жылдары Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы. 2015-2022 жылдары ҚР Жоғарғы сотының судьясы.

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың наурыз айынан.

53 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Анархан Қалиқызы ДҮЙСЕНОВАдүниеге келді.

ДЮСЕНОВА Анархан Калиевна
Фото: primeminister.kz

Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Көкшетау медициналық училищесін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау облысындағы туберкулез диспансерінің зертханашысы болып бастаған. 1991-1994 жылдары балабақша медбикесі болды. 1994-2003 жылдары Чермошнянка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінде патронаж мейірбикесі, 2003-2006 жылдары Тайынша аудандық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеді. 2006-2011 жылдары Тайынша ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2011-2014 жылдары «Нұр Отан» ХДП Тайынша аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2014-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды. 2017-2018 жылдары ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары. 2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің директоры. 2019-2021 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, басқарушы директоры болды. 2021-2023 жылдары ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Әскербекұлы АБАЕВ дүниеге келді.

АБАЕВ Даурен Аскербекович
Фото: ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігі

Алматы облысында туған.

2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген. Еңбек жолы: 2001-2003 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы, 2003 жылы ҚР Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы, 2003-2007 жылдары Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы, 2007 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы, 2007-2008 жылдары ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты, 2008-2009 жылдары ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары, 2009 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2011-2016 жылдары ҚР Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі, 2016-2019 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі, 2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі. 2020-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрі қызметтерін атқарды.

2023 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Парасат» және «Кұрмет» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар