18 сәуір. Жылнама

ҚазАқпарат күнтізбесі
Фото: Kazinform

Kazinform оқырман назарына 18 сәуірге арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. Бұл күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға қашалған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

Дүниежүзілік радио әуесқойлар күні

1925 жылдың 18 сәуір күні құрылған Халықаралық радио әуесқойлар одағының құрылуына байланысты аталып өтеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1993 жылы Алматыда Дүниежүзілік экономикалық форум өтті. Оған әлемнің 30 елінен 100-ден астам ірі халықаралық және ұлттық компаниялардың басшылары жиналды.

1996 жылы Алматыда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер өкілдерінің халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.

2005 жылы қазақстандық эколог Қайша Атаханова қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі үшін халықаралық Голдман сыйлығының иегері атанды.

Қайша Атаханова - төмен және орташа радиоактивті қалдықтарды басқа мемлекеттерден Қазақстанға әкелуге наразылық науқанын ұйымдастырған. Ол - биолог, радиоактивті сәулелердің зардаптарын зерттейтін маман, Қарағандыдағы экологиялық орталықтың негізін қалаушысы және жетекшісі.

Экологиялық Голдман сыйлығын 1990 жылы қоғам қайраткері Ричард Голдман және оның жұбайы Родо бекіткен.

15 жыл ішінде Голдман сыйлығын 65 елдің 107 табиғат қорғаушылары алған. Экологиялық сыйлықтың иегерлерін, бүкіләлемдік желі ұсынған экологиялық ұйымдар және жеке тұлғаларды халықаралық қазылар алқасы сайлайды.

2006 жылы Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газеті журналистика саласындағы жалпыұлттық «Алтын жұлдыз» сыйлығының игері атанды.

2008 жылы Бакуде Әзербайжандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жаңа ғимаратқа көшуіне орай, Қазақстан Республикасының Туын көтеру құрметіне байланысты салтанатты шара өтті. Республикамыздың Әнұраны шырқалып, Туды көтеру рәсіміне Бакуде тіркелген дипломатиялық корпустың, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

2011 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясы өтті. Тақырыбы - «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың 20 жылдығы».

2011 жылы Елбасы Н.Назарбаев Эстония Республикасының алдындағы айырықша еңбегі үшін Мария Жерінің Крестімен марапатталды.

Мария Жерінің Кресті - Эстония Республикасының мемлекеттік наградасы. Ол 1995 жылы 16 мамыр күні Эстония мемлекетінің тәуелсіздігі құрметіне бекітілді. Эстония президенттері мен ел алдында сіңірген еңбектері үшін шетелдік азаматтар марапатталады.

2011 жылы Шымкентте еліміздегі ең алғашқы жастар денсаулық үйі ашылды. Бұл іске бастамашылық жасаған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы.

2011 жылы қазақстан экспортерлеріILAC-MRA белгісін пайдалану құқығына ие болды. ILAC-MRA комбинациялық белгі Ұлттық аккредиттеу орталығында аккредитацияланған зертханалардың сынақ хаттамаларында қоланылатын болады.

2012 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзиядағы «Limkokwing University of Creative Technology» университетінің Құрметті докторы атағына ие болды. Нұрсұлтан Назарбаев - бұл атаққа ие болған төртінші мемлекет қайраткері. Бұған дейін университеттің Құрметті доктор атағына Нельсон Мандела, Махатхир Мохаммад және Малайзияның қазіргі Премьер-министрі Наджиб Тун Разак ие болған.

2012 жылы әлемге есімі танымал кардиохирург Витторио Ванини Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясының қалалық орталығында жүрек ауруларының ауыр түріне шалдыққан балаларға 30 ота жасады. Ахметжан Есімов итальяндық кардиохирургқа қажырлы еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.

2012 жылы Академик Сейіт Қасқабасов ТМД кеңістігіндегі білім мен ғылым саласына қосқан үлесі үшін «Достастық Жұлдыздары» сыйлығының иегері атанды.

2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де НР (Hewlett-Packard) ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Бұл орталық механика-математика факультетінің жанында жоғары кәсіби мамандарды даярлау, НР технологияларының базасында оқытудың заманауи бағдарламаларын қолдану арқылы студенттер мен оқытушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында құрылған.

2013 жылы белгілі қазақстандық жазушы Мұхтар Әуезовтың құрметіне мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Бішкектің орталық көшелерінің бірі қазақ жазушысының есімімен аталды.

2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті кешенінде Қазақстанда тұңғыш рет Лазерлік сканерлеу орталығы ашылды.

2014 жылы Бейрут қаласындағы Қазақстан елшілігінде «Қазақстан-Ливан қарым-қатынасы: сәтті серіктестікке 20 жыл» атты атты кітаптың тұсауы кесілді.

2015 жылы Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакпен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды.

2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында «Dostyk Plaza» сауда-сауық орталығының жаңа ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ, «Made in Kazakhstan» брендімен өндірілген өнімдермен танысып, қазақстандық тауарларды сатып алды.

«Dostyk Plaza» сауда-сауық орталығы 2014 жылы ашылған. Үш қабатты кешен ғимаратында 174 дүкен, 18 дәмхана және мейрамхана, сондай-ақ 10 залдан тұратын кинотеатр бар. Жоба құны - 200 млн доллардан асады.

2016 жылы Ресей Батыры, РФ ІІМ ішкі әскерлерінің полковнигі Серік Сұлтанғабиевті Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестігінің өкілдері Бауыржан Момышұлының орденімен марапаттады. ҚР Ардагерлер ұйымының қоғамдық наградасы Мәскеудің белгілі қорғаушысы, панфиловшы батыр, Кеңес Одағының батыры, полковник Бауыржан Момышұлының есімімен аталады. Бұл орденмен әскери ұрыстарда ерекше көзге түскендер және әскери борышын орындаған кезінде ерлік танытқан әскерилер, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ардагерлер қозғалысына қомақты үлес қосқан тұлғалар марапатталады.

2017 жылы Түркістанда әйгілі қазақ режиссері Жұмат Шаниннің 125 жылдығына арналған «Театр көктемі - 2017» атты халықаралық фестиваль өтті.

2019 жылы «Қазіргі қазақ әдебиеті жаһандық әлемде» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиетінің антологиясы аударылды және алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тіліне басылып шығады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Аида Балаева БҰҰ-ның алты көлемінде қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін аудару және тарату жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. тілдерді дамыту – ұлт тарихында теңдесі жоқ қазақ әдебиетімен әлемді таныстырудың теңдессіз бастамасы.

2020 жылы Халықаралық Түркі академиясы өзінің ғылыми еңбектерін оқуға еркін қол жеткізді, оның мазмұны түркі әлемінің тарихын, бай әдеби мұраны, тарихи жазба ескерткіштері мен түркі тілдері бойынша зерттеулерді, сондай-ақ туысқан елдердің этнографиясы, фольклоры мен дәстүрлері бойынша еңбектерді қамтиды. Онлайн кітаптар қазақ, түрік, әзербайжан, ағылшын, қырғыз, орыс, моңғол тілдерінде, сондай-ақ басқа да көптеген туысқан халықтардың тілдерінде жарық көрді.

2022 жылы Руслан Құрбанов Парижде өткен Сhallenge Monal 2022 әлем кубогында Қазақстан тарихындағы алғашқы күміс медалін жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар