18 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде тағы бір үздік көрсеткішіне қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті.

Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің 1/8 финалына жолдама алды
Фото: ҰОК

Қазақстандықтардан Александр Бублик — 11, Александр Шевченко 95-орнын сақтады.

Сондай-ақ Дмитрий Попко (223), Тимофей Скатов (239), Бейбіт Жұқаевтың (280) нәтижелері өзгермесе, Денис Евсеев 371-ден 370-ке ауысты.

18 жастағы Әмір Омарханов өткен аптада 1 100-ден 859-сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингідегі өзінің үздік көрсеткішіне қол жеткізген еді. Бұл жолы ол тағы бір жеке рекордын тіркеп, бірден 828-орынға (+31) көтерілді.

Сонымен қатар Григорий Ломакин 961-ден 922-ге жоғарылады. 

Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Елена Рыбакина 5-орында қалса, Юлия Путинцева 72-ден 71-ге, Зарина Дияс 284-тен 283-ке қайта шықты. Жібек Құламбаева 334-тен 340-қа төмендеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Үндістанда қатарынан екі турнирде топ жарғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар