19:06, 13 Қараша 2023 | GMT +5
18 жастағы қостанайлық жігіт жолдасын пышақтап өлтірді
Екі жігіттің арасында жанжал шығып, салдарынан біреуі қайтыс болды. Оқиға таңғы уақытта болған, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиғаны Қостанай облыстық полиция департаменті растады.
— 8 қараша күні сағат 05:30 шамасында Досжанов көшесіндегі ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында болған жанжал кезінде 18 жастағы жігіт 22 жастағы қарсыласын пышақтап кеткен. Алған жарақатына байланысты ер адам оқиға орнында көз жұмды, — деп жауап берді полицияның баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша полиция ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.