19 адам терроризм үшін сотталды – ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылдың маусым-шілде айларында ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 19 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

ҰҚК істері бойынша 19 адам терроризм үшін сотталды
Фото: ҰҚК

Солардың бірі, Алматы қаласының тумасы 2017 жылдан бастап халықаралық террористік ұйымдарынының іс-әрекетіне қатысқаны үшін іздеуде жүрген. Түркияда табылған болатын. Ол жақтан 2025 жылы елге депортацияланып, қылмыстық іс аясында қамауға алынған. Сот шешімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

ҰҚК істері бойынша 19 адам терроризм үшін сотталды
Фото: ҰҚК

Одан басқасы, Шымкент қаласының тұрғыны қоғамдық желілерде терроризм идеологиясын насихаттап, таныстарды зорлық-зомбылық акцияларға шақырған. Ол 9 жылға сотталды.

Осы кезең аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Манғыстау және Түркістан облыстарында жедел-іздестріру шаралары нәтижесінде 28 тұлға ұсталды.

ҰҚК істері бойынша 19 адам терроризм үшін сотталды
Фото: ҰҚК

Олар терроризмді насихаттаған, діни араздықты қоздырған, интернетте және өздерінің айналасында тыйым салынған материалдарды таратқан және экстремисттік ұйымына қатысқан деген күдікке ілінді. 

Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетелік Шекара қызметі тамызда 63 қылмыстық іс қозғаған еді