1995 жылғы Конституция реформаларды ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік берді және табысты стратегия негіздерін қалады - ресей сарапшысы А. Власов

МӘСКЕУ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - 1995 жылғы Конституция реформаларды ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік берді және респубилканың табысты стратегия негіздерін қалады.

1995 жылғы Конституция реформаларды ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік берді және табысты стратегия  негіздерін қалады - ресей сарапшысы А. Власов

Бүгін мәскеулік «Комсомольская правда» газеті редакциясында Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына және ел Президентінің ядроға қарсы бастамаларына арналған «дөңгелек үстелдің» барысында Бұрынғы кеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу орталығының бас директоры Алексей Власов осындай пікір айтты.

Шараға Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зауытбек Тұрысбеков, БҰҰ-ның Мәскеудегі ақпараттық орталығы директорының орынбасары Владимир Павинский, «Дипломат» журналының бас редакторы Юрий Тавровский, «Экспертиза» талдау орталығының жетекшісі Алексей Пилько, сондай-ақ саясаттанушы Дмитрий Верхотуров қатысты.

Өз сөзінде З.Тұрысбеков Конституция қабылдануы тиімді экономикаға берік негіз қалады, сөз бостандығы, бәсекелестік пен саяси пікір алуандығы қамтамасыз етілді, қазақстандық қоғамның негізгі ұстанымы - бейбітшілік пен келісім орнықты деп атап өтті. Негізгі Заңды жүзеге асыру арқасында Қазақстан өзінің ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесіне айналды және ядролық қаруды таратпау саясатын қалыптастырукға зор үлес қосты.
А.Власов атап өткендей, 1995 жылғы Конституция реформаларды ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік берді, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында оң нәтижеолерге жеткізген стратегия негіздерін қалады. Оның айтуынша, бірқатар елдердің қысым жасауына қарамастан, 1990 жылдардың басында Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан бас тартты және халықаралық ядроға қарсы қозғалыстың көшбасшыларының біріне айналды.

Дөңгелек үстел ауқымында «Қазақстан - ядроға қарсы қозғалыстың көшбасшысы» атты фотокөрме таныстырылды. Бұл көрме Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің резиденциясында бір ай бойы жалғасады.