2 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК 4 қарашадағы Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Ауа сапасы
Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, 4 қарашада қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Ақтобе қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске салсақ, Кеше Алматы қаласында ауа сапасының нашарлағаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар