Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамды жариялады.

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, 3 қарашада ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы тек Алматы қаласында ғана болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Кеше де Алматы қаласында ауа сапасының нашарлағаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар