00:44, 27 Мамыр 2015 | GMT +5
2 маусымнан Астанадан Сеул мен Тбилиси қалаларына әуе рейстері ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 2 маусымнан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Корея астанасы Сеул және Грузия астанасы Тбилиси қалаларына тура әуе рейстерін ашады. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының ресми сайтында хабарланған.

Алдағы уақытта елорда тұрғындары мен қонақтары Сеул қаласына жайлы, ұзақ магистральді «Боинг-767» әуе лайнерімен аптасына бір рет - сейсенбі күні және Тбилиси қаласына Эмбраер-190 бортында аптасына екі рет - сейсенбі және сенбі күндері ұшатын болады. Жаңа бағыттар жолаушылар ағынын арттырып, елдер арасындағы туристік және экономикалық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды astana.kz Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ Астанадан Дубай, Гонконг, Сингапур, Нью-Йорк және Токио бағыттары бойынша рейстер ашылады.