2 шілде күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады - ауа райы болжамы

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 2 шілде күні ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Екпінді жел соғып, кей жерлерде дауылдап, шаң көтерілуі ықтимал.

2 шілде күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады - ауа райы болжамы

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында шаң аралас дауыл соғуы ықтимал.

Жамбыл, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, күндіз Маңғыстау облыстарында да желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, түнде кей жерлерде тұман болады.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше жоғары өрт қаупі төнуі мүмкін.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтілуде. Қазақстан территориясының жазық өңіріндегі өзендердің гидрологиялық режімінде айтарлықтай өзгерістер болмайды.