20-21 сәуір күндері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстонияға мемлекеттік сапармен барады

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 20-21 сәуір күндері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстонияға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов мәлім етті.

20-21 сәуір күндері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстонияға мемлекеттік сапармен барады

Сапар барысында Елбасы Эстония Президенті Тоомас Хендрик Ильвеспен, Риигикогу спикері (Парламент) Эне Эргмо мен Премьер-Министр Андрус Ансиппен арнайы келіссөздер жүргізіп, елімізбен ынтымақтастықта қызмет етуге мүдделі эстониялық ірі компания жетекшілерімен кездеседі.

Осы кездесулер аясында үкіметаралық, ведомствоаралық деңгейде, сондай-ақ екі елдің коммерциялық компаниялары арасында екіжақты келісімдерге қол қойылады деп күтілуде. Бұған қоса кездесулер кезінде көлік, тасымал, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы сияқты екіжақты қарым-қатынастардың болашағы

зор бағыттары талқыланады. «Эстония Қазақстан үшін Еуропадағы маңызды саяси әрі экономикалық әріптес болып табылады. 2010 жылдың қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 74,5 миллион АҚШ долларын құрады»,-деді ресми өкіл.