20 ақпанда елдің басым бөлігінде боран, қар, тұман және көктайғақ күтіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер 20 ақпан күні ауа райына байланысты ел аумағында ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

дорога, жол, ауа райы, погода, снег, қар, пешеход, зебра, самокат
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысында түнде жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі, өңірдің батысы мен солтүстігінде қатты қар жауады. Күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Жел екпіні кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 15–20 м/с.

Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел екпіні 15–20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейіп, таулы аудандарда 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Абай облысының шығысы, оңтүстігі және орталығында түнде қар, кей уақытта қатты қар, боран және көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман болады. Жел солтүстік-батыстан, облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстіктен соғады, жылдамдығы 15–20 м/с, түнде екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыс желі облыстың солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Солтүстік-шығыс, шығыс желі облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, боран және көктайғақ күтіледі, облыстың шығысы мен оңтүстігінде кейде қатты қар жауады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында аз қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Облыстың шығысында тұман түседі. Жел батыстан, облыстың солтүстігі, оңтүстігі және орталығында солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15–20 м/с, түнде екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі; түнде облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу боран және көктайғақ болады; облыстың батысы, солтүстігі және шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман да болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кейін оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысы, солтүстігі және шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 15–20 м/с дейін барады.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, облыстың батысы, солтүстік-шығысы және орталығында екпіні 15–20 м/с, кейде 23 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін шығысқа ауысады; күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с, кейде батысы мен оңтүстігінде 25 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман болады. Жел батыстан соғып, оңтүстік бөлігінде және таулы аймақтарда шығысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с дейін барады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының орталығы мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдерінің маңында жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с-қа жетуі мүмкін.

Осыдан бұрын ауа райының қолайсыздығына байланысты 19 ақпан күні сағат 12:00-ден бастап Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары аумағындағы бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум