2009-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары таныстырылды
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы бүгін Астанада 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының халықаралық тұсаукесерінде ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сайлау, саяси партиялар және бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Енгізілген түзетулер еліміз көшбасшысының «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған нұсқауларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оның Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының 17-ші жыл сайынғы сессиясында айтқан ережелеріне сәйкес келеді. Аталмыш қадамдар саяси мәдениеті жоғары қазіргі заманғы азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға және оның саяси үдерістерге белсенді қатысуына ықпал ететін болады», деді Қ. Саудабаев. «Біз заңнамалық негіздерді одан әрі дамытуға, оларды адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға дәйекті сәйкестендіруге батыл бейілдіміз», деп толықтырды сөзін ол.
Қ. Саудабаевтың пайымдауынша, адам құқықтарын алға бастыруды және қорғауды әлемдік тәжірибені ескермей іске асыру мүмкін емес. Осы факт көп жағдайда Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы тиісті конвенциялары мен келісімшарттарына қосылу шешімін анықтады. Бұл бағытта белсенді жұмыстар жалғасып жатқандығына тоқталған Қ. Саудабаев: «Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі XXI ғасырда адам құқықтары саласындағы бірінші халықаралық келісімшарт болған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау мүмкіндігі жөніндегі мәселені пысықтауда», деді.