2009 жылы Қазақстан шетелдік әріптестерімен құны 25 млрд. АҚШ долларынан астам бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті

;АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылы Қазақстан шетелдік әріптестерімен құны 25 млрд. АҚШ долларынан астам бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті. Бұл туралы бүгін  Астанада өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІІ пленарлық  мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы алғанда инвестиция тарту, халықаралық ынтымақтастық мәселесінде 2009 жылы нағыз ірі табыстарға қол жеткізілді деп айтуға болады. Оңтүстік Корея, Қытай, Италия, Франция, Түркия және Беларус сынды елдермен жоғары деңгейдегі байланыстардың арқасында біз 25 млрд. доллардан астам бірлескен жобалар бойынша келісім жасастық», деді өз сөзінде Н. Назарбаев. 

Елбасының айтуынша, осы уағдаластықтар бойынша Қазақстан тарихындағы ірі өнеркәсіптік нысандардың құрылысы басталатын болады. Олардың ішінде қуаты 2600 мг-Ваттық Балқаш жылу электр стансасының, Бейнеу-Бозой газ құбырының, «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы атом өнеркәсіп стансысы үшін отын өндірудің, Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың, жылу битумын өндіретін  зауыттың құрылысы бар. «Мен мұны Қазақстанның және оның экономикасының ұзақ мерзімді  тұрақтылығы мен мығымдылығына инвесторлар сенімінің айқын айғағы деп білемін», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар