2010 жылы Маскатта Қазақстан Республикасының елшілігі жұмыс істей бастайды

АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Маскатта Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шарифтің Оман Сұлтанаттығы шетел істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Юсуф бен Алауи бен Абдалла бен Ибраһиммен кездесуі болды. Кездесу барысында оған қазақстандық Елші ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың жолдауын тапсырды,
None
None

деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің баспасөз қызметі.

Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Султан Кабус бен Саид арасында 2008 жылғы наурызда Маскатта болған келіссөздерінің қорытындылары екіжақты және көпжақты саяси өзара іс-қимылды кеңейту, бірлескен экономикалық жобаларды жылжыту және мәдени байланыстарды жолға қою бойынша үлкен әлеуеттің бар екенін көрсетті», делінген.

Ол сонымен қатар, Мемлекет басшысының тиісті Жарлығына сәйкес 2010 жылдан бастап Маскатта Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істей бастайтынын хабарлады.

Қазақстан Республикасы мен Оман сұлт ванаттығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы сәуірдің 27-сінен бастап орнатылды. 2006 жылғы тамыздан бері Астанада осы мемлекеттің елшілігі жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар