2010 жылы жұмыссыздық өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға ұлғаюы мүмкін - БҰҰ Бас хатшысының кеңесшісі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш мәслихатты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Халықаралық еңбек ұйымы, ЮНИСЕФ, БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Екі күндік бұл шараға 13 мемлекеттің үкімет мүшелері мен түрлі деңгейдегі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Конференцияның ашылу рәсімінде сөз алған БҰҰ Бас хатшысының кеңесшісі Кори Удовичкидің айтуынша, жұмыссыздық Түркияда - 50, ал Ресейде 25 пайызға дейін ұлғайған. БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша аймақтық бюросы директорының пайымдауынша, 2010 жылы бұл өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 2008 жылға қарағанда екі пайызға артуы мүмкін. Ол 2008 жылы 8 пайызды құраған болатын.