2012 жылы Интернетте 133,4 млрд. теңгенің 6,7 млн. транзакциясы жасалды

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - 2012 жылы Интернетте 133,4 млрд. теңгенің 6,7 млн. транзакциясы жасалды.
None
None

Бұл туралы бүгін forum.profinance.kz сайтында өткен онлайн-конференция барысында Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

«Қарым-қатынассыз төлем жасау банктік төлем карталарын пайдалануға негізделген. Қазақстанда аталған инновация әлі де болса жалпыға ортақ әрі кең тарай қойған жоқ. Дегенмен банктер тарапынан бұл технологияны енгізу жалғасуда. Интернет арқылы төлем жасау қарқынды даму үстінде. Тек 2012 жылы ғана Интернет желісінің көмегімен 133,4 млрд. теңгенің 6,7 млн. транзакциясы жасалды. Интернет желісінде онлайн төлемдер жасау үшін төлем карталары, оның ішінде виртуалды төлем картасы мен электронды ақша қолданылады», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Соңғы жаңалықтар