2012 жылы өтетін Еуропалық және азиялық медиа форумда қаралатын мәселелер аясы кеңейе түспек

ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2012 жылы өтетін Еуропалық және азиялық медиа форумда қаралатын мәселелер аясы кеңейе түспек.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан форум жұмысы барысында белгілі болды.

2012 жылы өтетін Еуропалық және азиялық медиа форумда политологтардың өз тақырыптарын талқылау үшін арнайы сұхбат алаңы ашылатын болады. Айта кетерлігі, бұл ұсынысты бүгінгі жиын барысында ТМД, Балтық елдері және Грузия политологтарының қауымтастығы ұсынып, форум қатысушылары тарабынан қызу қолдауға ие болды.

Сонымен қатар бүгін бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бұқаралық ақпарат құралдарының Бас редакторлар клубының құрылғандығы жария етілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі форум Балтық жағалауы елдерінің бірінде өтеді.

Айта кетейік, екі күнге созылатын аталған халықаралық форумға елімізден және шет мемлекеттерден 300-ге жуық журналистер, блоггерлер, сарапшылар қатысуда. Олар бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді жан-жақты талқыламақ. Форумның арнайы қонағы ретінде танымал кинорежиссер Никита Михалков шақырылған.

Соңғы жаңалықтар