2013-2014 жылдары жаһандық экономикалық жүйеде қайтадан дағдарыс болуы мүмкін - Н. Назарбаев

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлемдік экономика шыға қоймаған 2007-2008 жылдардағы дағдарыстың жалғасын байқаудамыз. Бүгін «Астана Опера» жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан халқына жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

2013-2014 жылдары жаһандық экономикалық жүйеде қайтадан дағдарыс болуы мүмкін - Н. Назарбаев

Әлемдік дағдарыстың жаңа толқынының қауіп-қатеріне  тоқталған Елбасы, «біз қазір әлемдік экономика шыға қоймаған 2007-2008 жылдардағы дағдарыстың жалғасын байқаудамыз. 2013-2014 жылдары жаһандық экономикалық жүйе қайтадан күрделі тоқырауға ұшырауы мүмкін. Оның ішінде шикізатқа әлемдік бағалардың құлдырауы ықтимал. Бұл өз кезегінде бізге өте қолайсыз әсер ету мүмкін», - деді.

Сондықтан да Президент Қазақстан да қамданып, аталған қатерлерді түсіне біліп, сондай-ақ оны еңсеру керектігін қадап айтты.