2013 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» АҚ ІРО-ға акция шығара бастайды

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат  - «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның былтырғы таза табысы 750 млн. долларды құрады. Бұл туралы бүгін ресейлік «Трансконтейнер» компаниясының бас директоры Петр Баскаковпен жұмыс кездесуі барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті Асқар Мамин мәлім етті.

2013 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» АҚ ІРО-ға акция шығара бастайды

«Мемлекет  басшысы ұлттық компаниялар алдында халықтық ІРО бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты зор міндеттер жүктеді. Біз  осы бағытта дайындық жұмыстарын жүргізіп келеміз. 2013 жылға қарай  біздің еншілес компанияларымыздың ІРО-ға бірінші орналастыруы жүзеге асады. Сондықтан да біз қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның бұқаралық компания болуына жұмыс істеудеміз», - деді А. Мамин.