Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2013 жылы 40,5 млрд. текше шикі газ өндіру жоспарлануда - С. Мыңбаев

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылы Қазақстанда 40,5 млрд. текшеметр шикі газ өндіру жоспарланады. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен өткен Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

2013 жылы 40,5 млрд. текше шикі газ өндіру жоспарлануда - С. Мыңбаев

«Бұдан бөлек, елімізде ағымдағы жылы тауарлы газдың текшеметрін 22 млрд.-қа жеткізу жоспарлануда. Жалпы, ресейлік «Газпром» Өзбекстан және «ҚазМұнайГаз» АҚ арасындағы газды қарсы тасымалын ұйымдастыру туралы келісімге сәйкес, газдың тұтастай импорты Қарашығанақ экспортымен шоғырланады және бұл теңдей бағамен теңдей ауқымда жүргізіледі», - деді С.Мыңбаев.Тоқтала кететін жайт, министрдің айтуынша, былтырғы жылы елімізде ішкі газ тұтыну көрсеткіші 2,9 пайызға артып, 10,5 млрд. текшеметрді құраған.